Текст
26.11.20 "Жас Ұлан"ұйымына үздік оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Олардың барлығы партриот болуға, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ант берді. Жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіру арқылы өздеріне үлкен жауапкершілік алатынын жақсы түсінеді. Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жақсы оқуға ниетті. Қабылдау рәсімі қашықтықтан өткізілді, оқушыларға мектеп әкімшілігі "Жас Ұланға" қабылдау туралы сертификаттар жіберді және педагогикалық ұжым жасұландықтарды салтанатты және маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтап, мектептің қоғамдық өміріне сәттілік тіледі.