"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін  мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары

1. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарын, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарын, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында құрылады.

2. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

4. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады және ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді.

 5. Қамқоршылық кеңестің құрамына: Зәкір

 1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді;

 2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері кіреді;

 3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

 4) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен;

 5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

 Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары оның отырыстарына қатысады.

 6. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болып табылады және бір-бірімен және осы білім беру ұйымының басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде тоғыз адамды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Зәкір

  7. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

  8. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын Қамқоршылық құрамның құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

Жаңартылған күні: 14.03.2022 10:29
Құрылған күні: 14.03.2022 10:29

Текст