жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Ережеге сәйкес (ереже www.daryn.kzсайтында) Абай оқулары 3 кезеңнен тұрады: аудандық (қалалық), облыстық, республикалық және 4 номинация бойынша өткізіледі:
1 номинация «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Бұл номинацияда қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет;
2 номинация «Көңілім - әнді ұғады»- Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау;
3 номинация «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы(өз шығармаларын орындау; өлең, ән, музыкалық шығармалар);
4 номинация «Ұлылар әлемі» Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.
2 кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері республикалық кезеңге төрт номинация бойынша (әр номинацияға 1 оқушыдан) - 4 оқушы қатыса алады. Абай оқулары Абай және Шәкәрім елінде өткізілетіндіктен, тек Абай ауданынан жеке команда болып 4 оқушы қатыса алады. Орыс тілінде оқитын оқушылар Абай және Шәкәрім шығармаларын қазақ тілінде орындайды.