Текст
Конституциялық реформалар бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де педагогикалық ұжыммен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер жобасының негізгі ережелері ұсынылып, түсіндірілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймулдина Г.Н. ақпараттық-түсіндіру хабарламасымен сөз сөйледі.
