Н. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Ұстаз. Ал мектептегі мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды да мазалайды. Бірақ мектептерде жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде өзара сабаққа қатысу, семинар, тренинг, менторингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, іс-шаралар өткізу. Мектеп құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасау, кеңес беру жас маманды ұстаздық жолында шынықтырады. (Суретте: Бексеитова А.С. жас маман Қожағметов А.А. әдістемелік көмек көрсету үстінде)