8 қыркүйек күні Макинск №3 орта мектебінде қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу онлайн сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің оқушылары белсенді қатысты. Ұлы ақынның өлеңдерін, қара сөздерін нақышына келтіріп, мәнерлеп қазақ, орыс тілдерінде оқыды.Сайыс қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын» анықтады. Абай өлеңдерін қазақ тілінде оқыған оқушылардың арасында 4 «Б» сынып оқушысы Отыншин Руслан 1 орын, Евлоев Ахмед /9 «Б» сынып/ пен Скипер Светлана/8 «Б» сынып/ 2 орын, Чаниев Ламали /6 «Б» сынып/, Тұрдалы Амина және Нұрдан Әдемі 3орын иемденсе, Сапарова Карина мен Ермоленко Елизавета белсенді қатысқандары үшін марапатталды.