"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін  мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Талаптыға нұр жауар

17.04.2017

   2017 жылдың 14 - сәуірінде Макинск мектеп - лицейінде мемлекеттік

тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі, мектеп алды

жасындағы және бірінші, 2 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ тіліндегі шығармашылық конкурстың аудандық кезеңі өтті.

Конкурс "Мәңгілік ел" идеясын іске асыру шеңберінде

балалар мен   оқушылардың еліміздің  рухани және жалпыұлттық құндылықтарына

негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін

қолдау және насихаттауды көздейді.

  

Балабақша мен бастауыш сыныптарында конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді:

 а). «Музыкалы  қонақжай»   (5 минут)- қазақ тілінде кез келген

жанрдағы ән орындау. Бағалау кезінде  орындау сонылығы     (шығармашылық

тәсілі, киім киісі,   музыкалық сүйемелдеуі) ескерілді.

   

б) «Театрландырылған қойылым» (7минут). Бағалау кезінде идеялардың бірегейлігі мен мазмұны, көркем образдың ашылуы, сахна мәдениеті, әртістілігі, тақырыптың

конкурсқа сәйкестігі қаралды.  Кез келген жанрды алуға болды.

в) Әдеби  оқу (5 – 7 минут). Бағалау кезінде  мәнерлеп оқуы ( дыбыс тазалығы,

дикциясы,  әртістілігі, орындау сонылығы) ескерілді.     

 Екінші кезеңдегі тапсырмалар  сипаттамасы тәрбиеші, мұғаліммен сыныптан тыс

жұмыс, ата-аналармен бірлесіп оқу, қосымша әдебиет оқу барысында алған

білімдерін кеңінен қолдануға  мүмкіндік

береді;

а) «Менің әжемнің ертегілері ...» ( 5-7 минут  қазақ тілінде жақсы көретін ертегісін айтып

беру);

б) берілген тақырып бойынша сөйлесу

(2-3 минут).

- «Менің достарым»;

- «Менің туған үйім»;

- «Менің үйдегі достарым»;

- «Мен ... оқығанды ұнатамын».

Қатысушыларға алған тақырыбына

байланысты көпшілік алдында  сөйлеу қажет

болды.

Орта және жоғары сынып оқушылары да  төрт номинация бойынша

өнер көрсетті.

1.«Әдеби көркем оқу» номинациясы:

а)     Халық ауыз әдебиеті шығармаларынан, классикалық шығармалардан, қақақстандық

ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқу (жатқа) (7-10 минут, үй

тапсырмасы).  Бағалау кезінде мазмұн мәнерлігі, әсерленгіштігі, сахна мәдениеті,орындау сонылығы  (шығармашылық тәсілі, киім киісі, декорация,

музыка, слайдтары) ескерілді.

б) Мақал-мәтелдер конкурсы -  «Мың бір мақал».

в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 5  минут,  

сөйлеуге 5-7 минут).

с) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут.

2.«Музыкалы  қонақжай»  номинациясы

а) «Әннің сиқырлы әуені»- кез келген жанрдағы әннің вокалды орындалуы.     Бағалау

кезінде  дыбыстың тазалығы, дикциясы,   сахна мәдениеті, орындау сонылығы    ескеріледі.  

б) Мақал-мәтелдер конкурсы -  «Мың бір мақал».

в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 2-3  минут  

г) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут. 

3. «Көркемдік-театрландырылған қойылым» номинациясы

а) «Үздік қойылым» - үй тапсырмасы. Бағалау кезінде идеялардың бірегейлігі мен

мазмұны, көркем образдың ашылуы, сахна мәдениеті, әртістілігі тақырыптың

конкурсқа сәйкестігі қаралды.  

б) Мақал-мәтелдер конкурсы -  «Мың бір мақал».

в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 5  минут,  

сөйлеуге 5-7 минут).

г) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут.

4. «Ұлттық қолданбалы өнер» номинациясы.

а) Ұлттық – қолданбалы өнер бұйымдарын көрсетеді және түсініктеме беру (үй

тапсырмасы) – 5-7 минут, жеке көрме безендіргені үшін қосымша 2 ұпай.

 б) Мақал-мәтелдер конкурсы -  «Мың бір мақал».

в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 5  минут,   сөйлеуге 5-7 минут).

г) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут.

 Шығармашылық конкурстан мектебіміздің дарынды

оқушылары жүлделі оралды: Арина Телепнева,1- сынып (мұғалімі Шортаева Г.Б),

Евлоев Ахмет 5- сынып (мұғалімі Куанышева Г.А.) , Андронюк Зарина, 9- сынып (мұғалімі

Байдуллаева Р.А.), Телешевская Анастасия, 11- сынып, (мұғалімі Аширбекова З.К.)

 I орынды иеленіп, бақтарын облыста

сынамақ. Понамарева Екатерина,2 сынып (мұғалімі Икомбаева А.С.) 2 орынға ие

болған .Сәт сапар тілейміз!

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст