2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН
ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?
2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді.
Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8, 10-сыныптар көшеді. 2019-2020 оқу жылында – 4, 9, 11-сыныптар.
Жаңа оқу жылында:
1) мектепалды даярлық
сыныптарында және 1,2 -сыныптарда білім беру процесі:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС); ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан
әрі – Үлгілік бағдарлама); Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша); ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР
МЖМБС-2015); ҚР Білім және ғылым министрінің 2016
жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу
жоспарлары; ҚР Білім және ғылым министрінің 2016
жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары; «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік
кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде
электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары
негізінде жүзеге асырылады.
2) 3-4, 6, 8-11-сыныптарда білім беру процесі: ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25
шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және
факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары; «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу
бағдарламалары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18
маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы
білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және
басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым
министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017
жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге
асырылады.
3) 5,7-сыныптарда білімберу процесі:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті станедарты (бұдан әрі –
ҚР МЖМБС-2016); Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу
құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық
жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017
жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге
асырылады.
Барлық жалпыға міндетті білім беру стандарттары
(бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына
орналастырылған. Мектеп үшін барлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының қағазға
шыарылған бір нұсқасы болса жеткілікті. Мұғалім МЖМБС және оқу
бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс
істеуіне болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға
Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген
тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша
«Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту
ұсынылады. (Қосымша материалда жалғастыруы)