"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін  мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 01.06.2016

21.07.2017

 

«Білім

берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға

міндетті

білім беру стандарттарын бекіту туралы»

Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы

1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім берудің тиісті

деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің              2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080

қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67,

958-құжат) мынадай

өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ:

мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-2)

негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

2-3)

жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»;

2)

көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға

сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3)

көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

25,

26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. «Өмір

қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны                           3-4-сыныптарда

«Дүниетану» оқу курсының шеңберінде: 3-сыныпта жылдық оқу жүктемесі 6 сағат,

4-сыныпта – 10 сағат бастауыш сынып мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 6,

8, 9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының шеңберінде жылдық оқу жүктемесі

15 сағаттан дене шынықтыру мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады;

10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының шеңберінде 25 сағаттық

жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің

оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің

негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу уақытында

жүргізіледі.

26. «Жолда

жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының

шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері»,

«Технология»; 6, 8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен

факультативтер есебінен іске асырылады.»;

35,

36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Оқу

жылының ұзақтығы 3, 4, 6, 8-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

36. Білім

алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан

тыс (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық

түрлерін қоса алғанда, 3-сыныпта – 29 сағаттан,

4-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан,

9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан

аспауы тиіс.

37. Оқу

жылында 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы каникул күндерінің ұзақтығы кемінде 30 күнді

құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде.

Каникулдардың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы

уәкілетті органы белгілейді.»;

48-тармақ

мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Пәндік

нәтижелер 3-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде:

базалық (міндетті) деңгейде, ықтимал жетік  

деңгейде 6, 8-11-сыныптарда (пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде

вариативтік компонентті меңгеру үшін) және бейіналды жетік деңгейде

8-9-сыныптарда/бейіндік жетік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы білім беру

ұйымдары таңдап алған пәндерді тереңдетіп оқытатын үлгілік оқу жоспарларының

нұсқаларын меңгеру үшін) белгіленеді.»;

50-тармақ

мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Оқу

пәндерін меңгерудің жетік (ықтимал және бейіналды/бейіндік) деңгейлері білім

алушылар білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың іскерліктері

мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін меңгерудің ықтимал деңгейі 6,

8-11-сыныптар үшін вариативтік оқу бағдарламалары негізінде жалпы білім беру

ұйымдарының таңдауы бойынша іске асырылады. Оқу пәндерін меңгерудің бейіналды

(8-9-сыныптар) және бейіндік

(10-11-сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары

негізінде іске асырылады.»;

65-тармақ

мынадай редакцияда жазылсын:

«65.

Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы

24-ке жеткенде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде және

одан асқанда, шағын жинақталған мектептерде – сабақ өткізу кезінде білім

алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту

қазақ тілінде жүргізілмейтін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту

қазақ тілінде жүргізілмейтін 6, 8-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту

қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3, 4, 6,             8-11-сыныптардағы орыс тілі;

4) 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы шетел тілі;

5) 6,

8-11-сыныптардағы информатика;

6) бейінді

пәндер;

7) 6,

8-11-сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз

балалар топтары);

8) 6,

8-11-сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде сыныпты 2 топқа

бөліп оқыту жүзеге асырылады.»;

4)

көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа

редакцияда жазылсын;

5) көрсетілген

қаулымен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6)

көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7)

көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға                                 5-қосымшаға

сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 6

және 7-қосымшаларға сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім

берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен толықтырылсын.

2.

Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының

1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы,

оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы,

он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма

екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма

жетінші, жиырма сегізінші, отыз үшінші абзацтарын, 2018 жылғы 1 қыркүйектен

бастап қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын,

7-қосымшаның 10-тармағының 1) тармақшасын, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап

қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасын, 7-қосымшаның

10-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

  

      Премьер-Министрі                                                             К. Мәсімов

Просмотров: 639

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст