"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін  мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ХХI ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны.

17.11.2017

"Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі" акциясының оныншы - "Ұлттық

тарих"күні "Макинск №3 орта мектебі" КММ-нде өткен "ХХI

ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны «Тілдердің үш  тұғырлығы»

мәдени  жобасын іске асыруды көздеді.

    Ойынды мектептің қазақ, орыс, ағылшын тілімұғалімдері Қуанышева  Гүлнұр Асқаровна, Кочеватова Елена Владимировна, Алябьева Елена Алексеевна үш тілде жүргізді. Ойынға  7, 8 - сыныптан  4 оқушы қатысты. Ойынның   I туры "Таныстыруда" 7 "Б" сынып оқушысы Пашина Лаура өзін қазақ тілінде таныстырып, тілге жетіктігін

көрсетсе, 7"В"сынып оқушысы Чокан Лада қазақ, орыс, ағылшын тілінде

таныстырып, жоғары 5 ұпайды жеңіп алды. II "Бәйге " турында еліміз

туралы қойылған сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру арқылы оқушылар ой

ұшқырлығын көрсетсе, III тур "Полиглотта" жауаптарын үш тілде айтып

шықты. IV "Ғажайып жетілік" пен V "Жорға" турында көп ұпай

жинаған Чокан  Лада, Пашина Лаура, Мисевич Виктория бақ сынасты. Нәтижесінде "ХХI ғасыр көшбасшысы" атағын ең жоғары 155 ұпайды иеленген Чокан 

Лада жеңіп алды. Турлардың  арасындағы үзілісте  9 - сынып

оқушысы Андронюк Зарина қазақ тілінде ән шырқаса, 8 - сынып оқушысы Ионова

Эрика ағылшын тіліндегі әнімен көрермендерді тәнті етті. Қорытындылай келе,

Тәуелсіз еліміздің үш тілді меңгерген жалынды жастары көбейе берсін дегім

келеді.

                                                                                                                       

Просмотров: 294


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст