29 - 31 қазан аралығында Көкшетау қаласында өзге ұлт өкілдерінің 2 - 11 сынып оқушылары
арасында "Тіл дарын" шығармашылық жобалар байқауы болып өтті.
Шығармашылық жобаларды ресімдеуге төмендегідей талап қойылды:
- жобалар эксперименттік, аналитикалық зерттеу, тарихи және өнертапқыш
сипаттама болуы.
Жұмыстың мазмұны қазақ тілінде
және келесі секциялармен ұсынылды:
9 - 11 сынып үшін:
- Жасыл энергетика. -
Робототехника.
- Мемлекеттік тілдің мәртебесі. - Қазақстанның ұлттық - қолданбалы өнері.
Облыстық кезеңге қатысу үшін ауданнан құрама команда жасақталды. Оның құрамында
мектебіміздің 10 сынып оқушысы Андронюк Зарина да бар еді. Байқауға
Зарина өзінің 1 жылдық зерттеу жұмысының нәтижесі - "Жергілікті диалектілер "
тақырыбына ғылыми зерттеу жобасын ұсынды. Бұл жобада Зарина Макинск қаласының қазақтарының тіліндегі ерекшеліктерге терең талдау
жүргізді. Қалаға жақын және алыс шетелдерден қоныс аударған қандастарымыздың
кейбірімен сұхбаттасып, олардың
сөйленісіндегі айырмашылықтарды ажыратып берді. Заринаның айтуынша, қазылар
алқасы Қошағаш сөйленісіндегі ерекшеліктерді қызыға тыңдаған болатын. Талабың оң болсын, Зарина.
Биіктерден көріне бер!