"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін  мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

XXI – ғасыр көшбасшысы

22.12.2017

- Құрметті ,әріптестер, сайыс қатысушылары, көрермендер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қошкелдіңіздер!

Бұл білім сайысының мақсаты 6сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

-Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әркезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.

Ойынымызды бастамастан бұрын әділ қазыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аширбекова Загира Калиевна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Байдуллаева Рахима Аяпбергеновна

Тарих пәнінің мұғалімі Литвинова Снежана Александровна.Қол соғып қошеметтеп қойыңыздар.

Сонымен ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - кезең: «Бәйге». 10ұпай

Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)

3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)

4. . Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)

5. . Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазмды тұлға /Президент/

7. Ең үлкен уақыт өлшемі /Ғасыр/

8. Астана қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)

9. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)

10.Оқушы сөзінің ағылшынша аудармасы?

2-кезең.20ұпай  «Жеті жұрттың тілін біл»

Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті

сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп

атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш

тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр

дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1. Қабат – қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч -

ball)

2. Жүз теңгең болғанша,

Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)

3. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

4. Жеті қазынаның бірі –

Адамды қорып жүретін досы.

(ит – собака - dog)

5. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.

(Көктем - весна - spring)

6. Әр адамның шағын отаны

( Жанұя - семья - family)

3-кезең Дода

Қазақ тілі 30ұпай

30     30      30

1.Заттың санын білдіретін сөздер қалай

аталады? Сан есім

2.Түбірге жалғанатын бөлік не деп

аталады?((Қосымша)

3. Қазақ тілінде неше әріп бар?

 

Салт-дәстүрлер

40   40    40

1 Суретте қай салт-дәстүр көрсетілген? Беташар

2.

3.

Әр түрлі сұрақтар

20   20   20

1.Суретте қай әнші көрсетілген?

2.Қай киноның үзіндісі?Менің атым Қожа.Видео

3.Қай спорт түрі? Қыз қуу

4-кезең Ақтық мәре.Жорға 30ұпай

1.Үш би?

2.Сұрақ Аширбекова Зағира Қалиевна.Видео-сұрақ

3. Балықшы сөзінің түбірін тап?

4.Сұрақ Литвинова Снежана Александровна.Видео-сұрақ

5.Ағылшын мұғалімі Қаиркен Қымбат.Видео-сұрақ

6.Қазақтың ұлттық спорт түрлері?

 

 

 

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст