Мақсаты: ХІ
ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені
жайында оқушыларғы жете түсіндіру.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта , қанатты сөздер.
Жоспар.
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар , оқушылар Қазақстан тәуелсіздігіне орай ұйымдастырып отырған 5-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
2- жүргізі : Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне байланысты ұйымдастырылған
апталығымыздың «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысына қош
келіпсіздер!
1-жүргізуші:
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
1-жүргізуші:
Сіздерді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік
ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін
қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі
Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 26 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991
жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
2-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері -
дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам деп , сайысқа қатысатын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: «Тәуелсіздік-тірегем »
атты сайысымызға 5-8 сыныптар аралығында оқушылар қатысқалы отыр.
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар
сайысымыздың әділ-қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.
1. Аширбекова З.К
2. Байдуллаева Р.Ф
3.Досымова Р.Х
(Әр оқушы өзін таныстырып , өлеңін оқиды)
1 - жүргізуші:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
2-жүргізуші.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігімізге арналған «Тәуелсіздік-тірегім» атты
мәнерлеп оқу сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.
1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі
жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп –
қорытынды сөзді әділ-қазыларға береміз.
Қош сау болыңыздар!