"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін  мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 4 сыныптар аралығында жүргізілген сайыс

29.12.2017

       Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан.

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан

Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша

білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1)Білімділік: Балалардың Отан,Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне

деген сүйіспеншілігін аттыру.

3) Тәрбиелік:  Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас

Көрнекіліктері: жалауша, суреттер көрмесі, плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Хор:Әнұран.

 Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,

Отан - сенің ата - анаң,

Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,

Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз

тамған жер қалай аталады?

- Макинск

Туған жеріміз Ақмола облысы Бұланды ауданы

Макинск қаласы. Біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып

есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.Балалар Отан деген не?

- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.

- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

- Біздің - Отанымыз Қазақстан.

- Ендеше, бүгінгі жарыс сабағымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

ІІ.Негізгі бөлім.

Оқушылар 2 - топқа бөлінеген.

1.     1 - топ: Қырандар   4Асынып

2 - топ: Астана       4Б сынып

1- кезең. «Танысу сайысы»:

А)Топтын аты мен ұранын айту

Б)Қабырға газет көрмесі

2  - кезең. «Сұрақ - жауап» Блиц – турнир

сайысы.

Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай

жинайды.

20-  ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?

20 – Еліміздің бас қаласы

20 – ҚР президенті

50 – ҚР туының авторы

50 – ҚР елтаңбасының авторлары

50 – Әнұранымыздың авторлары

100 – Еліміздің көрікті жерлері

100 – Отан туралы өлең айт

100 – Отан туралы ән шырқа-

 

Шешендіктің сәні жоқ,

Сөзіне сүттей ел үйып,

Қолтығына ел сыйып,

Басына бақыт қонбаса.

3.Кезең. «Мақал - мәтел - сөздің мәйегі».

1. Туған жердей жер болмас,(туған елдей ел болмас).

2. Туған жер - (алтын бесік).

3. Батыр ел үшін туады,(ел үшін өледі.).

4. Отан үшін отқа түс,(күймейсің).

5. Отан оттан да (ыстық).

6. Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл).

7. Бейбіт елде,(береке бар).

8.Батыр ел үшін туады,(ел үшін өледі.).

4- кезең. «Полиглот». сайысы.

Екі топқа ортақ сұрақтар. Жауабын орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде айтылады.

1. Заң – закон -

2. Мемлекет - Государство -

3. Елтаңба - Герб -

4. Егемен - Суверенный

5. Тәуелсіз - Независимый -

6. Қонақжай - Гостепримный -

7. Атамекен - Земля предков.

8. Ата заң – Конституция -

5- кезең. «Сөз құрастыру» сайысы

1 - топ «Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.

«Бесбармақ»- бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер. 

 

6 - кезең. «».

1. Карта....(Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы).

2. Конституция....(Ата заң).

3. Шаңырақ.....(Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі).

4. Тымақ...(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі).

7-кезең. «Мәтінмен жұмыс»

 Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады.

Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы,

жалауы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы –

Астана. Он алтынша желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым.

Астананы мен бірінші рет көрдім.

Астана - үлкен қала. Жазғы Астана өте

әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Астана

Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша

салынған ғимараттар бар.

Маған Астана өте ұнады.Мен жазғы демалысымды өте көңілді өткіздім.

8-кезең «Мен саған ,сен маған»

Үйде дайындаған сұрақтарын топтар бір-біріне қояды

 Тілек.(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін

плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)

- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам

болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек.

Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.

 «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)

Қорытынды.

Марапаттау

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст