Текст
30 қыркүйекте мектепте дублер күні өтті. 10, 11 сынып оқушылары мұғалімдер рөлін атқарды. Мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін жүзеге асыру. Жоғары сынып оқушылары өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарады, сабаққа материал дайындады, пән мұғалімдерімен кеңесіп отырды. Сабақтан кейін "Жас педагогтар" кеңесі өткізіліп, онда өзін-өзі басқару күнінің жұмыс сәттері талқыланды. Сондай-ақ, осы күні мектепте жас мұғалімдер 12-сыныпта оқыды, оқушылар мұғалім рөлін атқарды.