Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде 2018 жылдың 25 қазанында "Отбасы - тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы"бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесі мәселелерін өзектендіру, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін, оның патриоттық дүниетанымын арттыру.
Міндеттері: отбасына деген құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру, аға буын өкілдерінің адамгершілік тәжірибесіне деген құрметін тәрбиелеу; өз отбасының тарихын білу қажеттілігін дамыту, балалардың моральдық дамуына ықпал ету; оларды адамгершілік тәжірибені байытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, азаматтылық пен патриотизмді дамыту.
0-11 сынып жетекшілері отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін, оқушылардың отбасы құндылықтары туралы білімдерін кеңейтетін, патриоттық сезімдерді тәрбиелейтін, өз отбасына деген сүйіспеншіліктен басталатын мазмұнды, әсем іс-шаралар дайындады.
Іс-шаралар әр түрлі формада өтті: дөңгелек үстел, әңгіме, диспут, дәріс, ойын түрінде. Тақырыптық стендтер ресімделіп, отбасылық дәстүрлер, құндылықтар туралы презентациялар, бейнелер көрсетілді.