"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін  мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

09.04.2019

Білім басқармасының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Целиноград ауданы Ақмол ауылында 2019 жылғы 4 сәуірде  Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөнінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа кеңес мүшелері, инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері; инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек ұйымдардың меңгерушілері мен басшылары; облыстық ұйымдардың басшылары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, облыстық арнайы түзету мектеп-интернаттары), сонымен қатар Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қ., Four Angles компаниясының балалар пластикалық конструкторын өндіру зауытының өкілі шақырылды. Отырыс бағдарламасы дәстүрлі түрде практикалық және пленарлы бөліктерден тұрды.

Облыстық жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап халықты аутизм туралы ақпараттандыру айлығы басталды. Осыған байланысты отырыстың практикалық бөлімінің бағдарламасында «Аутистік спектрі  бұзылған (АСБ) балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша жұмыс», «Аутизмі бар балалардың негізгі дағдыларын дамыту» тақырыптарында сабақтар өтті. Отырысқа қатысушылар № 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде, «Жұлдыз» балабақшасында, Ақмола а.,                 № 5  орта мектебінде «Р» дыбысының айтылуын лэпбукті қолдана отырып автоматтандыру», «Жалпы білім беру үдерісіндегі аутистік спектрі  бұзылған балаларға арналған сенсорлық интеграция» атты ашық сабақ үзінділерін тамашалады.

Пленарлы бөлімнің күн тәртібі:

1. Целиноград ауданының білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру жағдайы.

2. Целиноград ауданының білім беру ұйымдарымен ППТК бірлескен жұмысы.

3. Облыстың тірек колледждерінде, мектептері мен балабақшаларында инклюзивті білім беруді енгізу мониторингін жүргізу.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты М.Ө.Ибраев ПМПК мен ППТК арасындағы өзара қарым-қатынастың нашарлығы; аутистік спектрі  бұзылған балалармен жұмыс істеу үшін мамандардың болмауы, инклюзивті сыныптардағы балалар санының сәйкес келмеуі және т.б. сияқты инклюзивті және арнайы білім берудің проблемалық мәселелерін айтты, сондай-ақ оларды шешудің мүмкін жолдарын белгіледі.

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст