«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2019 жылдың 29 наурыз күні «Сыни тұрғыда ойлау: дағды, теория, тәжірибе» халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өткізді,іс-шара жұмысы 4 диалогтік алаңшадан және 4 шеберлік-сыныптан қалыптасып, конференцияға «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ППҚ және қызметкерлері, Ақмола облысының білім беру мекемелерінің ұстаздары осымен қатар Нұр-Сұлтан(Астана), Көкшетау қалаларынан педагогтері қатысты.
«Үзіліссіз кәсіби білімде сыни тұрғыда ойлау» тақырыбымен №3 диалогтік алаңшаның модераторы филиалдың ақпараттық-технологиялар бөлімінің басшысы Муканова Роза Акылбаевна болып, секциялық жұмыс барысында «Заманға сай АКТ-технология оқушылардың сыни тұрғыда ойлатудың бір құралы» тақырыбында қатысушылар алдында баяндама жасады.
Конференция шеңберінда секциялық жұмыстарда метематика пәні мұғалімі А.Асановның, Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №5 ОМ география пәнінің мұғалімі Р.Ахметованың, Зеренді ауданы, Куропаткинск ОМ бастауыш сыныбының мұғалімі Ж. Алиманованың, Нұр-Сұлтан қаласындағы №18 ОМ информатика пәнінің мұғалімі А. Слямованың, Көкшетау қаласындағы №19 ОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Карамандинованың,Бұланды ауданы, Макинск қаласындағы №3 ОМ информатика пәнінің мұғалімі Т.Лысенконың және Көкшетау қаласындағы №19 ОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің баяндамалары тыңдалып талқыланды. Өздерінің баяндамаларында барлығы білім процесінде бүтіндей оқушылардың сыни тұрғыда ойлатуда қолданатын педагогикалық тәжірибелерін ортаға салды.
Диалогтік алаңша жұмысы аяқталған соң нұсқамалар қабылданып, қатысушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының грамоталарымен марапатталды. Пікір алмасу ойларын ортаға салу бәрі сәтті болды және де осындай мақсаттық және бағыттық жұмыстар үнемі педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ықпал етеді.