Өзін-өзітану онкүндігі аясында 3 "Б" сыныбында 14. 02. 2019 ж. бастауыш сынып мұғалімі Наталья Владимировна Светличная "Мейірімділік теңізі"атты саяхат-ойын өткізді.
Жағымды көңіл-күй оқушыларға эмоционалды тыныштандыруға және сабақта жұмыс істеуге дайындалуға мүмкіндік берді. " Егер сен мейірімді болсаң..." әнің айтып, қайырымдылыққа байланысты сөздерді еске алып, оларды кеме теңізге жіберіп, балалар саяхатты бастады. Топтарда, жұптарда жұмыс істей отырып ,оқушылар мақал-мәтелдер құрастырып, олардың мағынасын талқылап, бір-біріне жақсы сөздер сыйлап,"жақсы немесе жаман" ойынында адамның оң және теріс қасиеттерін еске түсірді. "Мейірімділік сынықтары" ертегісін талдай отырып, кейіпкерлердің әрекеттері туралы және оқушылар өздері осы жағдайда не істер еді өз пікірін айтты. Қыздар мейірімділік туралы өлеңдер дайындады. Іс-шара "Мейірімділік жолымен" әнімен аяқталды.