Текст
Мектебімізде 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мемлекеттік тіл-менің тілім!» атты іс-шарасы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Байдуллаева Рахима Аяпбергеновна, Ертуганова Алиса Абдижамиловна, Смагзамова Гүлбану Маратовналардың ұйымдастырумен болып өтті.
Мақсаты: тәуелсіз елімізде өмір сүретін өзге ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.