КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарының жас басшылары арасындағы облыстық дебат турнирі

04.12.2021

  2021 жылдың 2 желтоқсан күні Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған жас басшылар арасында "Тәуелсіздік жолындағы жаңа менеджер" атты облыстық дебат турнирі болып өтті. Турнирдің мақсаты: басшының жаңа түрін қалыптастыру; педагог қызметкерлер арасында дебаттық турнирлерді дамыту, көпшілікке тарату және қолдау. Турнир қорытындысы бойынша төрешілер алқасы турнирдің жеңімпаздары мен үздік спикерлерін анықтады. Бұланды ауданының құрамында "Макинск қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры Дулат Сандыбаевич Жаркин және "Аққайың ауылының негізгі орта мектебі" КММ директоры Ерболат Амантаевич Қапезов бақ сынасты. Әріптестеріміз бірінші жүлделі орынға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!

Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст