Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында мектепте жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында мемлекеттің тәуелсіздігі туралы түсінік қалыптастыру; Қазақстан тарихы бойынша білімдерін бекіту; ҚР рәміздері туралы білімдерін бекіту; Отанға деген сүйіспеншілікті, басқа ұлт адамдарына деген құрметті, ҚР рәміздеріне, Мемлекеттік тілге деген құрметті тәрбиелеу.
1-11 сынып жетекшілері 22-30.11 арасында Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттарын өткізеді. Мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті –Н.Ә.Назарбаевтың қызметі туралы түсінік беру; "Отан" ұғымын дамыту, табиғи ресурстарға бай, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі бар ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, тілдерге деген сүйіспеншілікті, Қазақстанда тұратын халықтарға деген құрметті қалыптастыру, танымдық белсенділікті дамыту, патриотизм сезімін тәрбиелеу. Сынып сағаттарында оқушыларға Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, оның өмірі туралы бейне, презентациялар көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылар Мемлекет рәміздерін, Елбасы өмірінің атаулы күндерін білуге арналған викториналарға қатысты.
Сондай-ақ, іс-шаралар аясында Жас Ұлан қатарына қабылдау бойынша салтанатты жиын, "Патриотизм толқынында"флешмоб өткізілді.