КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ГОРОДА МАКИНСК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУЛАНДЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ГОРОДА МАКИНСК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУЛАНДЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Судың пайдасы" тақырыбында ашық сабақ

08.04.2026

Бүгін  (06.04.2026ж.) 3 «Д» сыныбында қазақ тілінен «Судың пайдасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға судың маңыздылығын түсіндіру, оны үнемдеуге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білімдерін толықтырды. «Су эстафетасы» ойыны арқылы оқушылар суды дұрыс пайдаланудың маңызын тәжірибе жүзінде түсінді. Сонымен қатар, оқулықпен жұмыс жүргізіліп, диалог оқылып, талданды, оқушылар өзара сөйлесу дағдыларын дамытты.
Сөздік қорды дамыту мақсатында оқушылар Quizlet платформасы арқылы жаңа сөздерді меңгерді. Оқушылар берілген тапсырмаларды өз бетінше орындап, логикалық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сабақта ойын элементтері де кеңінен қолданылды. Оқушылар пазл құрастыру арқылы әртүрлі жағдайларды талқылады: бірінші пазлда – құрғақшылық, ал екінші пазлда – судың молдығы, өсімдіктердің суарылуы бейнеленді. Бұл тапсырмалар оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Сабақ өте мазмұнды, қызықты және нәтижелі өтті. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсініп, оны қорғау қажеттігін ұғынды.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст