Текст
03.04.2026
3 сәуір күні Макинск қаласындағы КГУ «№1 жалпы білім беретін мектеп» базасында табысты түлектермен — пауэрлифтингтен Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Есжанова Данагүл және ауыр атлетикадан спорт шебері Митрюшина Екатеринамен тағылымды кездесу өтті.
«Адам — өз тағдырының жасаушысы» атты іс-шара 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жоспары аясында ұйымдастырылды. Қонақтар өз жетістіктері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, табандылық пен өзіне деген сенім кез келген қиындықты жеңуге және биік нәтижелерге жетуге көмектесетінін көрсетті.


