Текст
02.04.2026
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1-сәуірден бастап "Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2026-2027 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
Ата-аналарға құжаттар пакетін алдын-ала дайындауды және өтініш берумен кешіктірмеуді ұсынамыз.
Өтініш беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады , яғни egov.kz.
Өтініш беру үшін сізге:
- Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
- 3х4 см сандық фотосурет
- №052-2/у нысанына сәйкес баланың денсаулық паспорты;
- №065/у нысанына сәйкес профилактикалық егулер картасы;
- Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы
Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.