Текст
Көктем мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде.
❗ Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске саламыз.
📌Балаларға жолда, су қоймаларында, ойын және спорт алаңдарында, аулаларда, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде дұрыс әрі қауіпсіз іс-әрекет жөнінде жиі айту керек.
📌Ресми деректер бойынша 2020 жылдың 3-тоқсанында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 18 бала қаза тауып, 540 бала түрлі дәрежедегі жарақат алған; 16 бала өрт салдарынан, 5 бала улы газдан қаза тапқан; 9 бала суға кеткен.
❗ Есіңізге сақтаңыз! Балаңыз сізден үлгі алады! Сол үшін әрбір іс-әрекетіңізге мұқият болғаныңыз абзал!