Кіріспе Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында
білім беру мен ғылым дамытудың басым бағытында білім мазмұнын жаңарту бойынша
ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жаңартудың негізгі мақсаты – орта білім беру
сапасын көтеру. Заманауи жағдайдағы мектептер биік адамгершілікті, шығармашыл,
сыни ойлайтын, өзінің білім деңгейін үздіксіз көтеруге қабілетті тұлғаны
тәрбиелеуге, оқытуға және дамытуға міндетті. Білім беру парадигмасының өзгеруі
- уақыт талабы болып табылады. Заманауи мектептер жай ғана оқытпайды, өмір бойы
өз бетінше білім алуға үйретуге міндетті. Оқыту басқа пәндермен кіріктіріле
ортақ тақырыптар, білім саласындағы түрлі мәтіндерді пайдалану, академиялық
тілін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімдер білім мазмұнын сәйкесінше
үштілділікті енгізумен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылатын мектеп
пәндерін оқытуда коммуникативтік дағдыларды тиімді қолдану арқылы толықтырады
Мәтіндер жинағының мақсаты – жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне
бастауыш, негізгі орта және жоғары мектеп білім алушылары үшін сөйлеу іс-әрекеті
түрлерінің дағдыларын қалыптастыруда білім мазмұнын жаңарту типтік оқу
бағдарламалары бойынша ортақ тақырыптар арқылы жүйеленген материалдарды
ұсынады. (тыңдалым, оқылым). Жинақта бастауыш, негізгі және жоғары мектеп
оқушылары үшін коммуникативтік біліктілігін дамытуға бағытталған лексикалық
тақырыптар аясында түрлі стильдегі мәтіндер енгізілген (ғылыми,
публицистикалық, көркем әдебиет). Көлемі және қиындық деңгейі бойынша мәтіндер
әртүрлі. Мәтіндерді іріктеуде оқушылардың жас ерекшелігі ескерілген, мәтін
мазмұнының танымдық және тәрбиелік мәні жоғары және сауатты сөйлеу дағдыларын
дамытуға көмектеседі. 2019 жылы жоғары мектепте білім мазмұнын жаңартудың
жаппай енгізілуіне байланысты жинақта информатика, физика, химия, биология,
жаратылыстану, пәндері бойынша ағылшын тіліндегі оқылым, тыңдалым дағдыларын
саралауды қалыптастыруға арналған мәтіндер енгізілген. Мұғалім өз жұмысында
қалауына қарай коммуникативтік-сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бойынша берілген
мәтіндерді қолдана алады. (тыңдалым, оқылым). Ұсынылған мәтіндерді тақырыптарды
оқытудың түрлі кезеңдерінде: түсіндіру, бекіту, қайталау, оқушылармен түрлі
үйрету жаттығуларын өткізгенде, білім және білік дағдыларын бақылауда
пайдалануына болады : Бұрынғы алынған білімді жүйелеу барысында және оқушылардың
өзіндік жұмысы үшін қолдануға болады.
© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016.